АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады

17 Тамыз 2019, 09:47
2102
Бөлісу:
АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұшақ пилоты мен жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Оның не себепті құлағаны әлі анықталмады.

Fox News телеарнасының мәліметтеріне сәйкес, екіорынды жеңіл моторлы ұшақ 16 тамызда Жаңа Орлеанның (Луизина штаты) маңайындағы елді мекенде апатқа ұшыраған. Апат салдарынан екі адам қайтыс болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ Жаңа Орлеандағы Лейкфронт әуежайынан ұшқаннан кейін біршама уақыт өткен соң құлаған.

Ұшақтың не себепті апатқа ұшырағаны анықталуда. Жергілікті полиция оқиға орнына келіп, тергеу жұмыстарын бастап кетті.


 

Өзгелердің жаңалығы