АҚШ елшілігі: Қазақстан халқының бұл дағдарыстан шыға алатынына сенеміз

10 Қаңтар 2022, 12:38
1247
Бөлісу:
АҚШ елшілігі: Қазақстан халқының бұл дағдарыстан шыға алатынына сенеміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Осыған орай АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі қазақ елінің қайғысына ортақтасты.

Кейінгі бірнеше күнде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Жалпыұлттық аза тұту күнінде біз Қазақстан халқына көңіл айтамыз. Қазақстан әрдайым Америка Құрама Штаттарының сенімді досы, бұл сілкіністің ауырлығын біз де сеземіз. Біз Қазақстан халқының тұрақтылығына және оның бұл дағдарыстан шыға алатынына сенеміз, - делінген елшілік хабарламасында.

АҚШ елшілігі қазақстандықтарға күш-қуат пен жүрек тыныштығын тіледі.

Өзгелердің жаңалығы