Ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты 104 алаяқтық анықталды

27 Ақпан 2019, 20:06
2479
Бөлісу:
Ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты 104 алаяқтық анықталды

Астана, BAQ.KZ. Ішкі істер органдары ел аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ еркін айналымға тыйым салынған өнімдерді заңсыз дайындайтын, көбейтетін және тарататын адамдарды анықтауға бағытталған «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі хабарлады.

"Операцияны жүргізу барысында 99 құқық бұзушылық анықталды. Ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты 104 алаяқтық ашылды. Заңсыз айналымнан 4 мыңға жуық, оның ішінде 3,6 мың контрафактілік аудио-бейне туындыларды тасымалдағыш, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды және лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз етулері бар тасымалдағыштар алынды" - делінген хабарламада.

Анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы