Ақорда SMS арқылы хабар тарату қызметін іске қосты

7 Қаңтар 2022, 10:20
1122
Бөлісу:
Ақорда SMS арқылы хабар тарату қызметін іске қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорда кеше кешкі уақыттан бастап SMS арқылы хабар тарату қызметін іске қосты.

Құрметті қазақстандықтар! Назарларыңызға SMS арқылы жаңалық алу мүмкіндігін жеткіземіз - делінген алғашқы хабарламада.

Ал бүгін экстремистерден зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсететіні туралы хабарлама таратты.

Құрметті кәсіпкерлер! Мемлекет экстремистердің іс-әрекеті салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне көмектеседі - делінген Ақорданың хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы