Бас жаңалықтар
Ақмолада туристік полицейлер жұмысқа кірісті
03 Мамыр 2019, 15:32 658

Ақмолада туристік полицейлер жұмысқа кірісті

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында елімізге келген шетелдіктердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған туристік полиция бөлімшелері өз жұмысын бастады. 

Облыстық полиция департаментінің алаңында жаңа бөлімшелердің жеке құрамының салтанатты сап түзеуі өтті.

Ақмола облысы ПД бастығы, генерал-майор Берік Біләлов әр топтың аға инспекторларына қызметтік автокөліктердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Ведомство басшысы шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ақмола облысының қолайлы инвестициялық ахуалының басты аспектісі екенін атап өтті.

"Бізге шетелдік қонақтарға халықаралық деңгейде кеңестік және ақпараттық қызмет көрсету жауапкершілігі жүктелді. Басты міндет – шетелдік туристерге кеңес, ақпарат беру, әрі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өңірдің Бурабай және Зеренді аудандарында бес қызметкерден құралған екі топ туристік полиция қызметін жүзеге асыратын болады," - деді Ақмола облысы ПД бастығы Берік Біләлов.

Курортты аймақтарда қажетті техникамен жабдықталған полицейлер модульдері орналасқан, ал жаңа қызмет қызметкерлер бейнетіркеуіштер, планшеттер және рациялармен жабдықталған.

«Қызметкерлердің көбі үш тілді жетік меңгергендігіне қарамастан, департамент басшылығы алдағы уақытта облыс орталығының жоғары оқу орындары базасында шет тілдерін меңгеруді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа көші-қон қызметі орталығында "Е-виза" және "Е-қонақ үй" электрондық деректер базасы қолданысқа енгізілуде. Қазіргі уақытта 117 елдің азаматтары үшін визалар электрондық түрде рәсімделеді және мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде автоматты түрде тіркеледі. "Е-қонақ үй" деректер базасы шетелдіктердің тұратын жерлерін есепке алуды қалыптастыруға мүмкіндік береді және тіркеу үшін полицияға бару міндетінен босатады», - деді Берік Біләлов.

   


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық