Бас жаңалықтар
Ақмолада алтын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
VIDEO
17 Қыркүйек 2020, 16:29 732

Ақмолада алтын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ қызметкерлері прокуратурадағы әріптестерімен бірігіп бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

Polisia.kz хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Ақмола облысы кәсіпорындарынан шикізат ұрлау схемасын жасақтап алған. Шикізатты өңдеу үшін олар оны алдымен жасырын шағын цехтарға жеткізген, кейіннен оны мемлекеттен тыс жерлерге шығарған.

Арнайы операция кезінде полицейлер контрабанданың ірі арнасынының жолын кесіп, 10 адамды ұстады. Оқиға орнынан заттай айғақтар мен техникалық құралдар тәркіленді.

Ұйымдасқан қылмыстық топты жасақтау және басқару дерегі бойынша ҚР ҚК 262-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бапқа сәйкес, олардың кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Жедел тергеу шаралары жалғасуда.







Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//