Майлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

28 Ақпан 2020, 12:33
1478
Бөлісу:
Майлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокурордың бұйрығымен Ақмола облысы прокурорының болып аға әділет кеңесшісі Айдос Майлыбаев тағайындалды.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

А.Майлыбаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары құқықтық білімі бар.

Алматы облысының екі ауданының прокуроры болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары және Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Осы тағайындауға дейін Бас прокуратураның департамент бастығы болған.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудегі жетістігі үшін мемлекет басшысының жарлығымен "Жауынгерлік ерлігі үшін" (2014 ж) медалімен марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы