Ақмола облысында жаңбыр аралас бұршақ жауады

19 Мамыр 2020, 16:31
1526
Бөлісу:
Ақмола облысында жаңбыр аралас бұршақ жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жасады.

20 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында 20 мамырда күндіз солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Синоптиктер болжамынша, 20 мамырда Қызылорда облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда қаласында 20 мамыр таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 95-100%.

20 мамырда Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында күндіз 20 мамырда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

20 мамырда Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.

Көкшетау қаласында күндіз 20 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 20 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.   

Өзгелердің жаңалығы