Бас жаңалықтар
Ақмола облысында қар жауды
30 Сәуiр 2019, 11:37 492

Ақмола облысында қар жауды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында бүгін тағы да қар жауды, деп жазды «Хабар 24».

Бұл сәуір айында табиғаттың осымен үшінші рет тосын мінез танытуы. Ақ ұлпа қар әсіресе, аймақтың солтүстік аудандарында қалың жауған.

Синоптиктердің айтуынша, таңнан бері өңірде 7 мм қар түскен. Облыс орталығында да осындай жағдай. Ал ауа температурасы -2 градусты көрсетіп тұр. Енді тұрғындарды алдағы мереке күндері ауа райы қандай болмақ деген сұрақ алаңдатады.

Бұған дейін, 112 қызметі аймақта жел күшейіп, 8 градусқа дейін суытады деп хабарлама таратқан болатын.   

«Алдағы екі күнде де аймақта осындай ауа райы сақталады. Яғни, күн суытып, жауын-шашын түседі. Тіпті, тағы да қар жаууы мүмкін. Ал 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр мереке күндері күн жылынып, ауа райы қалыпқа келеді», - деді «Қазгидромет» РМК филиалының бөлім жетекшісі Даниель Жұмажанов.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық