Бас жаңалықтар
Ақмола облысы су тасқынын апатсыз өткізуге дайын – әкім
25 Ақпан 2020, 11:10 506

Ақмола облысы су тасқынын апатсыз өткізуге дайын – әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары туралы айтып берді.

Су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында облыстың 54 елді мекенінде 41 су өткізу ғимараттарын жайғастыру мен жөндеу, ұзындығы 27 шақырым су бұру арналарын кеңейту мен түбін тереңдету, 16,5 шақырым бөгеттерді нығайту, 17 шақырым қорғаныс бөгеттерін тұрғызу, 5 шақырым өзен арналарын тазалау бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді. Төтенше жағдай және шұғыл шығындарға арнғалған резервтерде 1 млрд астам теңге қарастырылған. 181 тонна жанармай, 8 мың тонна инертті материалдар, 50 мың қап дайындалды, 800 текше метр қар шығарылды, 1 мыңнан аса арнайы техника дайындалды. Су тасқыны жағдайын қадағалайтын және болжайтын 66 гидрометео станциялары мен бекеттері бар. Су тасқыны кезеңінде қосымша 97 бақылау бекеті ұымдастырылады. Есіл өзені жағынан Нұр-Сұлтан қаласын су басу қаупіне жол бермеуге қатысты қала шекарасынан Талапкер ауылынан Арайлы ауылына дейін өзен арнасын түзету мен кеңейту бойынша жобалы-сметалық құжаттама әзірленді, - деді әкім. 

Оның айтуы бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты Целиноград ауданы аумағында төтенше жағдай жарияланды. 

Тасқын суларды апатсыз өткізу аясында Есіл өзенінің арнасын кеңейту бойынша жұмыстар басталды. Халықты су қорғау аймағынан көшіру мақсатында Атбасар қаласында 459 отбасы көшірілді. Енді қосымша 502 отбасы көшіру жоспарлануда. Гидрологиялық деректерді анықтау мақсатында Жабай өзенін экспедициялық аралап шығу ұйымдастырылды. Оның қорытындысы бойынша өзен арнасындағы қардың биіктігі 34 пайызға жоғары, ылғал қоры екі есеге артық, сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда топырақтың қатуы 55 пайызға төмен екені анықталды. 2020 жылғы наурызда 20 мың шаршы метрден астам көлемде облыстың 10 ауданында өзендердің су тасқыны қауіпті учаскілерінде мұз жамылғысын осалдату бойынша жару жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 25 миллион теңге бөлінді. Жалпы тасқын суларын апатсыз өткізу бойынша барлық қажетті шаралар орындалуда және ерекше бақылауда, - деді Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, сейсенбі сайын өтетін Үкіметтің кезекті отырысында ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев су тасқынының алдын алу бойынша жоспарланған шараларды орындамай отырған облыстарды атады



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...