«Ақ жол» партиясы да праймериз өткізуге дайын – Перуашев

22 Қыркүйек 2020, 17:20
2221
Бөлісу:
«Ақ жол» партиясы да праймериз өткізуге дайын – Перуашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» партиясы Парламент сайлауы қарсаңында өз іштерінде іріктеу өткізуге дайын. Бұл туралы партия төрағасы Азат Перуашев айтты.

«Праймериз» деген әдістемені бұрыннан пайдаланып жүрміз. Мысалы, былтырғы Президент сайлауының алдында өз ішімізде іріктеу өткіздік. Алты адам «Ақ жолдың» атынан Президент сайлауына қатысуға ниет білдірді. Басым дауыспен сол кезде Дания Еспаева праймеризде жеңіске жетіп, сайлауға түсті. Біз үшін бұл - әдіс. Алдағы уақытта пайдалануды жоспарлап отырмыз. Ал Nur Otan өткізіп жатқан праймеризді бақылап отырмыз. Олардан да сабақ алып, үйренетін тұсымыз жетерлік. Меніңше, өте қызық секілді, - дейді Азат Перуашев.  

Сонымен қатар «Ақ жол» партиясының қанша мүшесі бар екенін айтты.

Жалпы, біздің партияның тіркелген 280 мыңдай мүшесі бар. Бірақ бұлай санау дұрыс емес. Бұл кеңестік жүйеден қалған әдістеме. Дамыған батыс елдерінде партиялық билет, мүшелікті санау деген практика жоқ. Олар өткен сайлауда электорат қанша дауыс берді, сонымен есептейді. Яғни, партия үшін қанша адам дауыс берді, сол партияның қолдаушысы, мүшесі деп саналады. Біз соңғы сайлауда 600 мыңдай дауыс жинадық. Демек, «Ақ жол» партиясының жарты миллиондай мүшесі бар деп санауға болады, - дейді партия төрағасы. 


 

Өзгелердің жаңалығы