Ұшақ апаты: Ұшқыштардың бірінің омыртқасы сынған

17 Сәуір 2021, 18:22
1645
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Ұшқыштардың бірінің омыртқасы сынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында оқу-жаттығу ұшуын жүзеге асыру барысында апатқа ұшыраған Су-30СМ ұшағындағы ұшқыштардың бірінің омыртқасы сынған.

Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Еске салсақ, 16 сәуір күні 20:45-те Балқаш қаласында авиациялық орталығына қону барысында көпфункционалды Су-30СМ ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ экипажы жер бетінде халыққа қауіп төнбейтініне көз жеткізіп барып, катапульталанды. Апатқа ұшыраған ұшақ салдарынан өлім жағдайлары тіркелмеді. Ұшқыштардың бірінің кеуде тұсындағы омыртқасы сынды. Екіншісі дін аман. Қазір ұшқыштың екеуі де дәрігерлердің бақылауында, - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Оқиға орнында арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы