Бас жаңалықтар
АӨК бойынша 5 жылға арналған ұлттық жоба тұжырымдамасы әзірленіп жатыр
02 Ақпан 2021, 09:48 801

АӨК бойынша 5 жылға арналған ұлттық жоба тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың келесі бес жылға арналған ұлттық жобасы тұжырымдамасын әзірлеуде. Ұлттық жобаның негізгі қағидаттары – бизнес үшін қарсы міндеттемелер енгізе отырып, мемлекеттік қолдау шараларын бірізді және тұрақты ету, - деді ол. 
Министр атағандай, бүгінгі таңда агробизнестің, ғылымның, басқа да мүдделі тараптардың өкілдерімен Ұлттық жобаның тұжырымдамасы белсенді талқылануда.
Ақпан айының бірінші онкүндігінде тұжырымдама жобасын «Атамекен» алаңында бизнеске таныстыруды, одан әрі барлық мүдделі мемлекеттік тараптар мақұлдағаннан кейін Мемлекеттік жобалау жүйесінің талаптарына сәйкес Парламент депутаттарының, мемлекеттік органдар, облыстар әкімдіктері мен агробизнес өкілдерінің қатысуымен Үкіметте қарауды жоспарлап отырмыз, - деді Сапархан Омаров. 
Министр атағандай, Ұлттық жобаны іске асырудағы негізгі үлес өңірлерге тиесілі болғандықтан, бұл құжатты дайындауға, оның ішінде шараларды әзірлеп, индикативтерді қоюға облыстар әкімдіктері белсенді қатысуы қажет.
Тұжырымдаманы талқылау қорытындылары бойынша Ұлттық жоба әзірленетін болады, оны қабылдау мерзімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылғы шілде айына белгіленді. Бұл ретте маусым айынан кешіктірмей, Ұлттық жобаны Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңесте қарастыру көзделіп отыр, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...