АӨІСШК Ғұламалар кеңесі құрылды

12 Қазан 2021, 16:58
1435
Бөлісу:
АӨІСШК Ғұламалар кеңесі құрылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің Ғұламалар кеңесі құрылды. Мұндай шешім Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде мәлім болды.

АӨІСШК Ғұламалар кеңесі құрылды
Өздеріңізге мәлім, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 47-сессиясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру туралы бастамасы болатын. АӨСШК - еліміздің Халықаралық бастамаларының бірі. Қазақстан төрағалығы кеңестің процесін одан әрі әлемдік аренада нығайтып, бар күш-жігерін салатын болады, - дейді Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай. 
АӨІСШК Ғұламалар кеңесі құрылды

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, сейсенбіде елдер кеңес жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Ғұламалар кеңесі туралы ережені қабылдауға тиіс.

Қатысушы елдер ғұламалар кеңесін құруды қолдады және үміткерлерді ұсына бастады. Бүгін біз ғұламалар кеңесі туралы ереже бекітеміз. Таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрылтайшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Ғұламалар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынды. Сіздер бұл кандидатураны бекітесіздер деп үміттенемін, - деді  Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.

Өзгелердің жаңалығы