Анықтамасыз келген 356 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

5 Наурыз 2021, 13:45
1224
Бөлісу:
Анықтамасыз келген 356 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 4 наурызында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты таратты.

2021 жылдың 4 наурызында Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Испания, Венгрия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 621 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 108 адам, анықтамасыз 513 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 412 жолаушы, анықтамамен – 1 100, анықтамасыз - 312;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 995 жолаушы, анықтамамен - 794; анықтамасыз - 201.

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 67 жолаушы анықтамамен келген.

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 3 жолаушы анықтамамен келген.

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 144 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сонымен қатар комитет 2021 жылдың 3 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметті жариялады.

Анықтамасыз келген 356 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы