Антисептик шашып, ойнап жүрген бүлдіршіннің беті күйіп қалды

27 Қазан 2020, 03:36
1175
Бөлісу:
Антисептик шашып, ойнап жүрген бүлдіршіннің беті күйіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолды санитарлық тазартқыш құралмен ойнап жүрген алты жастағы қыз күйіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Сәбидің достарының бірі абайсызда оның санитайзер жағылған бетін күйдіріп алды. Қыз балабақшада достарымен бірге бір-біріне және кіреберіске антисептик шашып, ойнап жүрген екен. Балалардың бірі кенеттен от тұтатқыш алып келіп, абайсызда бүлдіршіннің бетін өртеп жіберген. Ол дереу ауруханаға жеткізілді.

Қыздың бетіндегі жарақаттан бір құлғынан екіншісіне дейін қатты қызыл тыртық қалған. Жәбірленушінің анасының айтуынша, алған жарақаттарынан кейін қыз үш ай бойы айнаға қаратудан бас тартқан. Сонымен қатар, ол мектептегі онлайн сабақтар кезінде камераны жиі өшіреді екен, өйткені өзін көргісі келмейді.

Кейбір күндері ол жақсы сезінеді. Бір күні тыртықтарды елемеуге тырысады, ал келесі күні ол қатты ренжіп, қайтадан "жиіркеніштімін" деп ойлайды, - деп бөлісті қыздың анасы.

Енді кішкентай қыз тыртықтары жазылуы үшін таңғышпен жүруі керек. Азық-түлік және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету басқармасы сатып алушыларға арсыз өндірушілер метил спиртін тазартқышқа араластыруы мүмкін ескертті. Бұл улы, тез тұтанатын зат бірнеше рет адамдың соқыр болып, күйік алуына себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы