Таразда "Аntikor" сервистік орталығы ашылды

28 Қаңтар 2020, 06:44
1168
Бөлісу:
Таразда "Аntikor" сервистік орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында "Аntikor" сервистік орталығы ашылды, деп хабарлайды СЖҚІҚА ЖОБД баспасөз қызметі.

"Аntikor" атты сервистік орталығы – ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында айтылған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан нысанның бірі. Бұл орталық халықтың ашық алаңына айналып қана қоймай, еліміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу бағытында үлкен үлесін қосады деген сенімдеміз, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы.
Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы Шабдар, облыстық құқық қорғау, мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, қоғам қайраткерлері мемлекеттік қызмет ардагерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Айта кету керек, бұл орталық Қазақстан бойынша 12-ші ашылып отырған нысан. Орталықта Департаменттің Превенция басқармасының 1 маманы, процессуалдық офицер ашық форматта күнделікті жұмыс атқарады. Сонымен қатар "Жамбыл адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, арнайы мониторинг топ және үгіт-насихат штабы мүшелеріне жұмыс орны қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы