Антикор Маңғыстау облысында жемқорлыққа қатысты қандай қылмыстар жиі тіркелетінін айтты

4 Тамыз 2021, 16:03
5355
Бөлісу:
Антикор Маңғыстау облысында жемқорлыққа қатысты қандай қылмыстар жиі тіркелетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали Антикордың брифингінде айтты.

Алдын алу шаралары мен ескертулерді елемейтін, жақсы жаққа қарай өзгергісі келмейтін қылмыс жасауға бейім азаматтарымызға қылмыстық шарадан басқа амал болмайды. Бүгінгі таңда тергеу істері заман талабына сай электронды вариантта жүзеге асырылып жатыр. Электрондық 11 қылмыстың 2-уі сотқа жолданды. Жалпы биыл департаменттің құзырында 74 қылмыстық іс болған, оның 33-ін департамент қызметкері анықтап, тіркеді, - деді Мырзағали.

Департамент басшысы атағандай, олардың 66 пайызы жемқорлық дерегіне қатысты болып отыр.

Қылмыстың көпшілігі пара алу, алаяқтық, бюджет қаражатын жымқыру, қызмет бабын асыра пайдалану болып есептеледі. Сотқа берілген 11 тұлғаның 10-ына қатысты айыптау үкімі шықты. Олар өз күшіне енді. Оларға айыппұл төлеуден 12 жыл бас бостандығынан айыруға дейін жаза тағайындалды, - деді ол.

Мырзағали айтқандай, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2,2 млрд теңгені құрады.

Оның 83 пайызы немесе 1,8 млрд теңгесі мемлекетке өтелді. Біз қылмысқа жаза ғана емес, оның алдын алу бойынша жұмыс істеуіміз керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы