Антикор ардагерлері жас қызметкерлерге жәрдемдеседі

27 Қаңтар 2021, 11:19
1448
Бөлісу:
Антикор ардагерлері жас қызметкерлерге жәрдемдеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рустам Ибраимов «Antikor live» жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ардагерлер кеңесінің 2020 жылдағы қызметі туралы өткен брифингте айтты. 

Біз өңірлерде филиалдарды аштық. Орталық аппаратта да қоғамдық бірлестіктер құрдық. Олар әділет органдарында тіркелген. Бүгінгі таңда Ардагерлер кеңесінің құрамында қаржы полициясы мен антикор қызметінің 300-ден астам қызметкері бар, - деді Ибраимов. 

Оның айтуынша, Ардагерлер кеңесі тарапынан  жас қызметкерлерді патриоттық тәрбие беру бойынша және жемқорлыққа нөлдік шыдамдылық таныту бойынша жұмыстар атқарылады. 

ІІМ Ардагерлер кеңесімен тығыз жұмыс істейміз. Өздерін жақсы таныстырған ардагерлерді өңірлік департаменттердің кеңесіне қосу бойынша ұсыныс та жасадық. Агенттікте 9 қоғамдық ұйым бар. Біз оның құрамына да ардагерлерді қосуды ұсынып отырмыз, - деді ол.

Ибраимов айтқандай, ардагерлер жас қызметкерлерге қосымша көмек көрсетеді. 

Біз зейнетке дейін ардагерлер алған тәжірибені дәрістер беру арқылы әрекеттегі қызметкерлермен алмасуға тырысамыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы