Антидене қалыптаспаған қазақстандықтар не істейді?

23 Сәуір 2021, 13:19
3594
Бөлісу:
Антидене қалыптаспаған қазақстандықтар не істейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қазақстанда вакцинадан кейін антидене қалыптаспағаны туралы мәлімет жоқ. Антидененің қалыптасуы лабораторияға да қатысты болады. Мен кеше халықаралық сарапшылармен сөйлестім. Осы сұрақты қойған болатынмын. Олар екі лабораторияда антидененің қалыптаспағаны расталған жағдайда алдымен адамның иммундық қажеттілігін анықтау керегін айтты. Яғни, алдымен антидененің қалыптаспау себептерін анықтау керек. Егер антидене анықталмаса, өзге лабораториядан вакцина алу керек, - деді Ералиева.

Оның айтуынша, әртүрлі вакциналарды салудың қажет жоқ.

Егер антидене жақсы деңгейде қалыптасуы үшін бір вакцинаны салдыртқан жөн. Себебі QazVac пен Спутник-V вакциналары әзірленуі жағынан әртүрлі. Сондықтан бір кезеңді бітірмей, бірінші вакцинадан екінші вакцинаға ауысуға болмайды, одан нәтиже болмайды, - деді Ералиева.


Өзгелердің жаңалығы