Антарктидада температура рекорды тіркелді

18 Ақпан 2020, 15:47
1665
Бөлісу:
Антарктидада температура рекорды тіркелді

Алматы, BAQ.KZ. Ақпан айында Антарктидада температураның жоғарылауы бойынша екі мәрте рекорд тіркелді. Осы жолы ауа +20 градусқа дейін жылыды. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды.

Аталған басылымның мәліметінше, бразилиялық ғалымдар 9 ақпан күні Сеймур аралында жаңа температура рекордын тіркеген. Бұл кезде ауа температурасы 20,75 градусқа дейін жылыған. Алайда Дүниежүзілік метеорология ұйымы бұл рекордты әлі растамады.

Ғалымдардың айтуынша, Антарктида үшін мұндай температура аномальды болып келеді. Сондай-ақ құрлықтың тағы 22 бөлігінде жылу байқалған.
Бұған дейін Esperanza ғылыми станциясы ақпанның 6 күні Антарктиданың солтүстігіндегі түбекте ауа температурасы +18,3 дейін жылығанын хабарлаған. Бұл 1961 жылдан кейінгі тарихи рекорд ретінде тіркелген. Жалпы бұл уақыттағы Антаркдидағы қалыпты температура +1 дейін болу керек екен.
Өзгелердің жаңалығы