Анна Данилина жұптық сында Astana Open WTA турнирін жеңіспен бастады

28 Қыркүйек 2021, 10:27
8551
Бөлісу:
Анна Данилина жұптық сында Astana Open WTA турнирін жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Astana Open WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Данилина ресейлік Анна Блинковамен бірге бастапқы кездесуін қазақстандықтар Жібек Құламбаева - Гөзал Айнитдиновамен өткізді. 

1 сағат 17 минутқа созылған матчта бірінші сетте Данилина мен Блинкова басымдық танытты - 6:3. 

Екіншісінде қазақстандықтар бір де бір гейм берген жоқ - 6:0. 

Гөзал мен Жібек супер тай-брейкті де әдемі бастап, сенсация жасайтындай көрінген. Дегенмен тәжірибелі қарсыластары күш алып кетті - 10:8. Осылайша, қазақстандық-ресейлік жұп екінші айналымға өтті.

Өзгелердің жаңалығы