Англияда жалпыұлттық локдаун жарияланды

1 Қараша 2020, 13:50
1422
Бөлісу:
Англияда жалпыұлттық локдаун жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпыұлттық карантиндік шаралар елде осымен екінші мәрте енгізіліп отыр. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Алдағы бейсенбіден бастап ел тұрғындарына үйден тек нақты себептермен ғана шығуға рұқсат етілді. Ұлыбритания билгі елге 5 қарашадан 2 желотқасанға дейін қатал қарантиндік шектеулер енгізді. Оған себеп ауруханаларда төсектер санының жетіспеуі. Наурыздағы карантиннен айырмашылығы – осы жолы мектептер мен университеттер жұмысын жалғастыра беретін болады. Дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен өзге сауда нысандары жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр. 

Ал қоғамдық тамақтандыру орындары тек жеткізіп берумен айналысады. Қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшірілмек. Жұмысты қашықтан ұйымдастыру мүмкін емес құрылыс нысандары мен кей кәсіпорындардың қызметкерлеріне қызметтерін дәстүрлі форматта жалғастыруға рұқсат етілді. Сондай-ақ, билік «Ақысы төленетіңн демалыс» бағдарламасын карантин аяқталғанша созуды жөн көрген. Еңбек демалысын алуға мәжбүр қызметкерлердің жалақысының 80 пайызы төленеді. Жалпұлттық локдаун елдегі эпидемиологиячлық жағдайды католиктердің 25 желтоқсанда өтетін рождество мерекесіне дейін тұқрақтандыруды көздеп отыр.

Бүгінде Ұлыбританя коронавирустен көз жұмғандар саны жағынан көш бастап тұрған елдердің бірі. Мұнда қатерлі індеттен 46 мың адам көз жұмған. Локдаун вирус жұқтырушылар саны миллионнан асқандықтан енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы