Қанат Ислам көпбалалы анаға баспана сыйлады

20 Қыркүйек 2019, 14:41
2416
Бөлісу:
Қанат Ислам көпбалалы анаға баспана сыйлады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қанат Ислам бастаған «QAZAQ promotions» промоутерлік ұйымы «Ел-Несібе» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры арқылы 8 баласы бар жалғызбасты анаға 2 бөлмелі пәтер сыйлады.

Пәтер Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында Сарыарқа ауданында орналасқан. Сыйланған үй көпбалалы отбасыға ыңғайлы болуы үшін іргесінде орналасқан мектеп және балабақшаның жақындығына орай арнайы таңдалды. Сондай-ақ, пәтердің іші тұрмысқа қажетті барлық техникалармен, төсек-орынмен толық жабдықталған.

Пәтердің кілтін Гүлшат Баяділоваға қазақ кәсіпқой боксының жарық жұлдызы, WBO Inter-Continental чемпионы, қазақтың қайсар ұлы Қанат Ислам өзі тапсырды.

20190920114854_IMG_5202.JPG

Көпбалалы отбасы соңғы секундтарға дейін баспаналы болатынын, оның кілтін қазақтың мақтанышы Қанат Ислам тапсыратынын білмеген. Барлығы құпия сақталып, өмірде көптеген қиындықтарға кездесіп, мойымаған анаға тосын сый жасау үшін «Ел-Несібе» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының өкілдері арнайы ұйымдастырған.

Баяділова Гүлшат – жалғызбасты ана, «Күміс алқа» иегері. 8 баланы өмірге әкеліп, бағып, жеткізген. Баласының алды тұрмыс құрып, жеке отбасы болып отыр. Екінші баласы науқас, қаржының тапшылығынан медициналық көмек уақтылы көрсетілмегендіктен, нақты диагнозы анықталмаған. Үшінші баласы колледж студенті, ал қалған 5 баласы мектеп оқушылары. Осы уақытқа дейін жер үйдің аядай бір бөлмесін паналап келген. Пәтерге төлейтін қаражаты болмағандықтан, зәулім коттедждің қыста отын жағып, жазда күлін төгіп, ауланы тазалап, басқа да жұмыстар істегені үшін тегін тұрған. «Клуб добряков» көмек ретінде, холодильник, төсек, диван, газ плита әкеліп берген. Оған дейін жерге жатып жүрген екен.

20190920115812_IMG_5228 (1).JPG

Аталмыш қордың мәліметінше, баспананың зардабын тартып келген жанұя жағдайы туралы білген «Ел-Несібе» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының өкілдері жан-жақтан көмек сұрастыра жүріп, Қанат Исламға осы жайды жеткізеді. Былғары қолғап батыры ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен 5 шілдеде Алматыда өткен «Қанат Исламмен бокс кеші» атты шарадан жиналған қаржының бір бөлігіне көп балалы отбасыға баспана алып беруді ұйғарған.



Өзгелердің жаңалығы