"Ana tili" газеті байқау жариялады

22 Қаңтар 2020, 13:08
2331
Бөлісу:
"Ana tili" газеті байқау жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мемлекеттік тіл саясатын іске асыруда іс шаралардың насихатталуына өлшеусіз үлес қосып отырған республикалық "Ana tili" газетінің 30 жылдық мерейтойына орай "Анамның тілі – айбыным менің!" атты публицистикалық шығармаларға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты - ақпарат айдынында 30 жылдан бері мемлекеттік тілдің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуын насихаттап келе жатқан "Ana tili" газетін қолдау, басылымның Тәуелсіздік жарияланғаннан бергі елдік тұрғыдағы асқан асулары мен рухты қалаулы істерін паш ету. Сонымен қатар, Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын арттыру мен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігін жұртшылыққа кеңінен насихаттау, - дейді ұйымдастырушылар.

Байқау шарты бойынша қатысушы "Ana tili" газетінің 30 жылдық мерейтойына еркін тақырыпта бір шығарма арнау. Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу жоқ. Шығармалар 2020 жылғы 20 қаңтардан 10 наурызға дейін қабылданады.

Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны "Ana tili" газетінде жарияланады.

Байқау жеңімпаздары 2020 жылғы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Басқарма мен "Ana tili" газеті редакциясының арнайы дипломы және бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы