Шымкентте ана мен бала өлімі 63% азайған

25 Желтоқсан 2019, 16:59
6572
Бөлісу:
Шымкентте ана мен бала өлімі 63% азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Шымкент қаласының әкімі қаладағы денсаулық саласына тоқталды. 

Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерге тоқталған Шымкент әкімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, салада оң динамика қалыптасқанын атап өтті. 

Шымкентте ана өлім-жітімі 63,6%-ға, қатерлі ісіктен қайтыс болатындар 4,6%-ға, туберкулезден көз жұматындар саны – 6,6%-ға төмендеген. Денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында денсаулық сақтау нысандарын дамытудың 3 жылдық жоспары қабылданды. Осының аясында жедел жердем қызметінің сапасын жақсарту үшін тозығы жеткен автокөлік паркіне мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 100 жаңа арнайы автокөліктер берілді. Ол жерде біріңғай  "Колл-центр" іске қосылып, қызмет сапасы және бригаданың қысқа мерзімде жетуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2 ірі жоба іске асырылды. Олардың бірі "Медикер" заманауи медициналық орталығы. Бұл, қаладағы екі мемлекеттік емханалардағы жүктемені 20-30 мың адамға жеңілдетеді. Екіншісі "Қайтпас-1" шағынауданындағы 500 орындық емхана.  Ол нысан келер жылдың қаңтар айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, жеке инвестор есебінен 1000 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы басталады -  деді Ерлан Айтаханов.

Айта кетейік, Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, келер жылы Шымкентте аумағы 306 гектарды құрайтын үшінші жаңа "Жұлдыз" индустриялық аймағы құрылады. 
Өзгелердің жаңалығы