Қызылордалық көпбалалы ана мемлекеттiк қолдаудың арқасында кәсiбiн дамытуда

27 Мамыр 2020, 21:00
1661
Бөлісу:
Қызылордалық көпбалалы ана мемлекеттiк қолдаудың арқасында кәсiбiн дамытуда
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшiсі. Жалағаш ауданына қарасты Шәменов елдi мекенiнiң тұрғыны Шолпан Қалиева – 8 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған ана, Алтын алқа иегері. Ол осыдан жиырма жылдай бұрын өз ауылынан азық-түлiк сататын дүкен ашып, кәсiбiн бастаған едi. 

Сонымен қатар, төрт түлiк бағып, бала-шағасының несiбесiн тауып жүрді. Кәсiбі алға басқан соң мал шаруашылығымен шындап айналысуға бел шешті.

Кәсібімді кеңейту үшін мемлекеттік бағдарламаның көмегіне жүгіндім. 2015 жылы "Құлан" бағдаpламасына қатысып, 9 пайызбен 10 миллион тенге несиеге қол жеткіздім. Осы қаражатқа өз өңірімізден 36 жылқы сатып алдым. Қорасын соғып, мал басын көбейте бастадым. Жылқылаp жайылымда. Айына 3-4 pет дала кезіп, тоғай аpалап, жылқылаpды түгендеп келемiз. Ал қорада саyылатын биелердi ұстап, баптап отыpмыз, – дейді ол.

Шолпан Қалиева кәсiбін жандандыру мақсатында 2017 жылы тағы да мемлекеттiк бағдарламаға қатысты.

Мал басын еселеудi мақсат еттiм. "Еңбек" нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту" бағдарламасы аясында Қызылорда өңiрлiк инвестициялық орталығынан 6 пайызбен 4 миллион тенге несие алдым. Жаз бойы жем-шөбiн дайындап, қысқа қам жасаймын. Жалпы алдағы уақытта мал азығы өндірісін қолға алуды жоспарлап отырмын. Бұл шаруашылықтың шығынын азайтyға мүмкiндік береді, – дей келе көпбалалы ана жылда құлындарды сататынын жеткiзді. Сондай-ақ, саумал, қымызды алушылар да көп екенiн айтты. Сөйтіп, одан түскен қаражатты шаруаны ширатуға жұмсайды.

Кәсіпкердің пікірінше, көп балалы аналардың кәсіп ашып, оны жүргізуге мемлекет бар жағдайды жасады. Бағдарламалар ұсынды, жеңілдіктер қарастырды.

Тек ынта керек. Бала-шағамның несібесіне орай кәсібім де дөңгеленіп кетті. Енді мал бордақылауды қолға алсам деген ниетім бар, – дейді Шолпан Қалиева.

Алтын құрсақты анаға балалары қолғабыс етедi. Әсіресе, қызы Парасат Ақылбекқызы шаруаға бейім.

Анамыз еңбекқор, бізді өсіріп, жетілдіріп жатыр. Шаруашылық жұмыстарына атсалысып, көмектесемін. Малдың жем-шөбін беріп, бағып қарасамын, – дейді Парасат.

Айта кетейiк, Қызылорда облысында 51 798 шағын және орта кәсіпкерлiк тiркелсе, оның 45,9 пайызы, яғни 23 796-сы әйел кәсiпкер.
Өзгелердің жаңалығы