Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болуы мүмкін - министр

18 Наурыз 2019, 15:13
8381
Бөлісу:
Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болуы мүмкін - министр
PHOTO

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанадағы көпбалалы аналармен болған кездесуде ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналар үшін бөлек баспана кезегін құру жайлы айтты.

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болуы мүмкін - министр

«Алтын алқа» иегерлері жалпы тізімде тұрмайды. Қазіргі кезде біз көпбалалы аналар үшін бөлек бір кезекті құру мәселесін пысықтап жатырмыз. Бірақ оны бірден жасай алмаймыз ғой. Бәрін жан-жақты қарау қажет. Қанша қаржы керек? Қанша баспана салу керек? Соның бәрін жан-жақты қарастырамыз», - деді Бердібек Сапарбаев.

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болуы мүмкін - министр

Сонымен қатар, министр атаулы әлеуметтік көмек туралы айтты.

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болуы мүмкін - министр

«Атаулы әлеуметтік көмекке келсек, Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді, бұрын жанұяның әрбір мүшесіне табысты есептегенде (күнкөріс минимумының - авт.) 50%-дың деңгейінде болса, енді оны 70%-ға көбейтеді. Егер бұрын 14 849 теңге болса, 1 сәуірден бастап, оның көлемі 20 789 теңгеге көтеріледі. Ал енді Астана қаласында басқа өңірлермен салыстырғанда, орта жалақы жоғары, сондықтан 21 698 теңгеге дейін көтеріледі. Біздің болжамымыз бойынша осы шарамен, кем дегенде, 830 мың қазақстандық қамтылады. Ал Астана қаласында, кем дегенде, 6 700-ге жуық», - дейді министр.

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болуы мүмкін - министр

Оның айтуынша, көпбалалы отбасының мүшесі жоғары оқу орнында оқыса, 21 мың теңгенің жәрдемақысы 23 жасқа дейін төленеді. 

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болуы мүмкін - министр

"Осылайша, осы уақытқа дейін жанұяның әрбір мүшесіне 4 834 теңге төленіп келсе, 1 сәуірден бастап отбасының әрбір мүшесіне 20 789 теңге төленетін болады. Ал Астана қаласында - 21 698 теңге. Сонымен қатар, отбасындағы ер адамға да, әйелге де бұрынғыдай 10 500 теңге қосымша төленеді», - деді ол.

Ержан Жаубай

Өзгелердің жаңалығы