Бас жаңалықтар
«АМТ»-да Теміртаудағы экологиялық мәселелер қалай шешілетіні туралы айтылды
21 Ақпан 2019, 14:12 526

«АМТ»-да Теміртаудағы экологиялық мәселелер қалай шешілетіні туралы айтылды

Астана, BAQ.KZ. «Арселор Миттал» компаниясы алдына нақты жоспарлар қойып отыр. Өнеркәсіп алыбының басшылығы қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар кешенін әзірлеген. Құрылған жобаны орындау мақсатында олар миллиардтаған доллар жұмсауға және шығыс еуропалық стандарттарға теңесуге дайын. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры Парамжит Калон Қарағанды облысының әкімшілігіне болашаққа қойған міндеттер туралы баяндады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында айтылды.

«Біз Президент өңірімізге сапары барысында берген тапсырмаларды талқылауға жиналып отырмыз. Талқылайтын негізгі үш мәселе бар. Соның ішінде ең бастысы – экология мәселесі. Мен жақында президенттің қабылдауында болдым, ол бүкіл қала үшін бұл мәселені шешудің қаншалықты маңызды екенін тағы да атап өтті. Бақылау қатаң болады. Жұмыс көп, оны сапалы орындау керек, - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, 2029 жылға дейін «АМТ» металлургтер қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін екі миллиард АҚШ долларын бөлуді жоспарлап отыр. Бұл инвестициялардың 40 % экологиялық жобаларға жұмсалады. Қалған 60% өндірісті жаңғырту үшін қолданылмақ. Теміртауда экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жоспар бүгінгі таңда әзірленіп, бекітіліп қойды.

Мысалы, компанияда 2023 жылы зауыттың өнеркәсіптік шығарындары екі есеге қысқарады деп уәде беріп отыр. Үш жылдан кейін«АрселорМиттал Теміртау» өндірісі толықтай еуропалық талаптарға жауап беретін болады. Компанияның алға қойып отырған басымдықтарының арасында жұмыс орындарын сақтап қалу және теміртаулықтардың жылуға қатысты көп жылғы проблемасын шешуге септігін тигізетін ЖЭО-2-де жаңа, жетінші қазандықтың құрылысы да бар. Ол Елбасының тапсырмасы бойынша салынған болатын.

«Жаңа қазандық жылумен жабдықтауды жақсартады. Ол теміртаулықтардың үйлерінде жылу беру мәселесін шешеді. Бұл мақсатқа компания 50 миллион доллар бөлді. Қазандық жабдықтарын «Подольск машина жасау зауыты» жеткізетін болады. Құрылысқа осы жылдың тамыз айында кірісуді жоспарлап отырмыз. Жоспар бойынша 2021 жылы аяқталуы тиіс», - деді Парамжит Калон.

Сондай-ақ, Парамжит Калон Ерлан Қошановты компанияның қолданыстағы жабдықтарды күрделі және ағымдағы жөндеуге көзделген қаржыландыру көлемі төмендетілмейтініне сендірді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» металлургетер шаһарында бірнеше әлеуметтік нысан салады. Атап айтқанда, емхана, дене шынықтыру-сауықтыру кешені және балабақша. Жаңа нысандар осы жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Загрузка...

Сізден жаңалық