Амстердамнан келген студенттерден коронавирус табылған жоқ

8 Сәуір 2020, 09:12
1136
Бөлісу:
Амстердамнан келген студенттерден коронавирус табылған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауға Амстердамнан ұшып келген студенттерден коронавирус індеті анықталмады, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. 

3 сәуірде "Air Astana" әуе компаниясының арнайы рейсімен Амстердамнан Атырауға Қазақстан-Британ техникалық университеті жанындағы Теңіз академиясының 24 кадеті мен екі оқытушы офицер ұшып келген. Бұған дейін олар Қазақстанға Франкфурттан карантинге байланысты рейстердің тоқтатылуы себебімен келе алмаған. Атырауда кадеттер екі күн карантин оқшаулағышында жатып, коронавирусқа тест тапсырды. Індет табылмаған соң, студенттер қаладағы қонақүйлердің біріне үй жағдайындағы карантинге ауыстырылды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау бөліміне сілтеме жасаған өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұған дейін ҚБТУ Қазақстандық теңіз академиясының 24 кадеті мен екі оқытушы офицер Атлант мұхитында тұрған кемеде 46 күн болғаны хабарланған еді.




Өзгелердің жаңалығы