ӘМСҚ-дағы жемқорлықты WhatsApp-пен хабарлауға болады

27 Қыркүйек 2020, 08:48
1453
Бөлісу:
ӘМСҚ-дағы жемқорлықты WhatsApp-пен хабарлауға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-30 қазан аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram-дағы парақшасында хабарланды.

Талданып отырған сала тұрғындар үшін өзекті екендігін ескере отырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын жағдайлар мен ақпараттарды b.aitbaev@anticorruption.gov.kz, tolybekov.n@anticorruption.gov.kz электронды поштасына және 8-778-672-44-01 WhatsApp байланыс нөміріне жіберуді сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады, - делінген хабарламада.
Одан бөлек, сыбайлас жемқорлық фактілеріне көз жеткізген жағдайда, оны тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 байланыс орталығына хабарлауға болады.

Өзгелердің жаңалығы