Бас жаңалықтар
ӘМСҚ қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу үшін 6,3 млрд теңге жұмсалды
20 Қаңтар 2021, 18:25 508

ӘМСҚ қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу үшін 6,3 млрд теңге жұмсалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов 2020 жылда істелінген жұмыстың қорытындысы мен 2021 жылға қойылған мақсаттар жайлы айтты.

Бүгінгі таңда қор компьютерлерді, ноутбуктерді жалға алып отыр. Біздің қорда 890 адам қызмет атқарады. Қордың барлық шығынына 2020 жылдың өзінде 1,1 миллиард теңге, ал қорда жұмыс істейтін 890 адамның еңбекақысын төлеу үшін 6,3 миллиард теңге ақша жұмсалды. Қордың орташа жалақысы 291 мың теңге, - дейді басқарма төрағасы.

Сонымен қатар ол 2020 жылы 550 миллиард түсімнен түскен ақшаның 90% толықтай игерілгенін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігінен бізге 187,7 миллиардтан аса қаражат бөлінді. Осы соманың  111 миллиард теңгесі денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлеріне үстемақыға, ал КВИ-дің таралуына жол бермеу үшін 54 миллиардтан аса қаржы бөлінді. Ал ПТР диагностикаларына шамамен 20 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 1,9 миллиард ПТР- тестілері жүргізілді. Сонымен қатар мобильді бригадалардың шығуына 3,2 миллиард теңге қаражат жұмсалды, - деді Болат Төкежанов.
Ұмсындық Наурызбаева

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...