«Әміре» фильмі АҚШ фестивалінде екі бірдей жүлде иеленді

1 Мамыр 2019, 15:50
2551
Бөлісу:
«Әміре» фильмі АҚШ фестивалінде екі бірдей жүлде иеленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әміре» көркем фильмі Richmond International Film & Music Festival кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды.

«Үздік оқиғалы фильм» және фильмде басты рөлді сомдаған Санжар Мәди «Үздік актер» атанды. Аталған картина ҚР Мәдениет және спорт минитсрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы және «DAR Play» компаниясы түсірген.

Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай  қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. Сондай-ақ, фильмде Әміре Қашаубаевтың танымал америкалық джаз композиторы Жорж Гершвинмен достығы да көрініс табады.
  
Richmond International Film & Music Festival – АҚШ өтетін ауқымды халықаралық кинофестиваль. Виржиния штатындағы Ричмонд қаласына үздік заманауи фильмдерді жыл сайын алып келетін кинофорум.

Былтыр «Әміре» фильмі бірнеше жүлделерге қол жеткізген. Атап айтар болсақ: Hollywood Film Festival кинофестивалінде “Best Global Hollywood Film” жүлдесі, сонымен қатар, Panasonic компаниясы атынан арнайы сыйлық, және Грузияда өткен Golden Eye Халықаралық кино және телеоператорлар фестивалінде арнайы жүлдемен марпатталған.

Өзгелердің жаңалығы