Америкалық түрлі симптомы бар коронавируспен екі рет ауырған

8 Қазан 2020, 08:57
1101
Бөлісу:
Америкалық түрлі симптомы бар коронавируспен екі рет ауырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джорджия штатындағы (АҚШ) Макон қаласында Джордан Джози бірнеше айда екі рет коронавируспен ауырып тұрған. 29 жастағы Джордан екі жағдайда түрлі симптоммен ауырған, деп хабарлайды CNN.

Ол 18 мамырда қан плазмасын тапсырып, екі аптадан кейін денеде антиденелердің бар екендігін және коронавирусты тексерудің теріс нәтижесін растайтын хат алған, - делінген хабарламада.

Алайда журналистер атап өткендей, ауруынан айыққан америкалық спортпен шұғылданып, қалыпты өмірге енді оралдым ба дегенде өзін жайсыз сезінген.

Тәбеті жоғалып, қатты шаршаңқы күйде болған. Соның салдарынан тіпті көшеге де шығудан қалып, телефонмен ұзақ сөйлесуге шамасы келмеген.

Дәрігерлер оны мононуклеозға тексерген, алайда коронавирус инфекциясы расталған. Ер адам біреуге жұқтырып аламын ба деп қорқып, алты апта үйінен шықпай оқшауланған. Осы уақыт аралығында жағдайы біршама жақсарған. Дегенмен ол әлі күнге дейін ентігуін басу үшін ингалятор қолдануға мәжбүр.

Өзгелердің жаңалығы