Amazon – әлемдегі ең қымбат компания

8 Қаңтар 2019, 09:54
3382
Бөлісу:
Amazon – әлемдегі ең қымбат компания

Астана, baq.kz. Интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді сатумен айналысатын америкалық Amazon компаниясы сауда қорытындысы бойынша барлық бәсекелестерін озып, әлемдегі ең қымбат компания атанды, деп хабарлайды The Wall Street Journal газеті.

Оның акциялары сауда сессиясында 2,7%-ке өсіп, капиталдандырудың жалпы сомасы 797 млрд долларға жеткен. Ал Microsoft көрсеткіші 784 млрд долларды құраған. Ең қымбат компаниялар тізімінде 740 млрд доллармен Alphabet тұр. 
Көшбасшылар қатарында Apple жоқ. Ол осыған дейін алпауыт компаниялармен бірге алдыңғы орындарға таласқан болатын. Акциялар бағасы бірден 9% түсіп кеткен соң компания көшбасшылық орнын жоғалтты.
Өзгелердің жаңалығы