Амангелді Таспихов: Бұл – мен үшін үлкен абырой

9 Маусым 2019, 09:38
2247
Бөлісу:
Амангелді Таспихов: Бұл – мен үшін үлкен абырой
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясынан ҚР президенттігіне үміткер ретінде ұсынылған Амангелді Таспихов №111 сайлау учаскесіне дауыс беруге келді.

"Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік, үлкен абырой. Бүкіл Қазақстанды аралап, өзіміздің позициямызды түсіндіріп өттік. Барлық жақта ұйымдастырылған түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Менің ойымша, барлық жерде заң қатаң сақталды", - дейді ол.

Сондай-ақ, ол өзіне қолдау білдіргендерге алғыс айтты.

Амангелді Таспихов: Бұл – мен үшін үлкен абырой


 

"Осы орайда мен штабыма, штаб басшыларына, барлық өңірдегі сенімді өкілдеріме мені қолдап, мен үшін жұмыс істеп, үгіт-насихат жүргізген барлық азаматтарға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Сайлауға барлығыңыз келіңіздер, дауыс беріңіздер, азаматтық борыштарыңызды атқарыңыздар", - дейді Амангелді Таспихов.

Бұған дейін №111 сайлау учаскесінде 4661 сайлаушы тіркелгенін жазған болатынбыз.

 

"Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Сағат 12:00-ге дейін учаскеге келе алмайтындардың туыстары келіп, өтініш жазуға құқылы. 12:00-ден кейін комиссия мүшелері мен бірнеше бақылаушы келе алмаған адамдардың үйлеріне барады. Мұның бәрі заң аясында жүзеге асады",- дейді №111 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дариға Дәуренбекова. 

Ол Нұр-Сұлтан қаласына арнайы келгенін айтты.

"Мен негізі Орал қаласында тұрам. Талон алып, арнайы елордаға келіп дауыс беріп жатырмын", - деді Амангелді Сатыбалдыұлы.

Өзгелердің жаңалығы