Колония қызметкерлері тұрғындарды өрттен аман алып қалды

5 Желтоқсан 2019, 09:45
4264
Бөлісу:
Колония қызметкерлері тұрғындарды өрттен  аман алып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда колония қызметкерлері тұрғындарды өрттен аман алып қалды. ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қостанай қаласында орналасқан қатаң режимдегі колония қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына іргелес жатқан учаскелерді тексеру барысында жанында орнласқан үйлердің бірінен түтін мен оттың тұтанып жатқанын байқайды. Бірнеше минуттардан кейін офицерлер өртеніп жатқан үйге қарай жүгіріп, болған жағдай туралы мекеменің кезекші бөліміне хабарлайды. Олар барған бойда тұрмыстық ғимараттарды өрт шалып, көрші аулаға қарай шыққаннын көреді, - делінген хабарламада.
Қызметкерлердің айтуынша, ойлануға уақыт болмаған, себебі үйдің біраз аумағын өрт шалған.

Олар тез арада үйдің қоршауын бұзып, көршілерді оятады.

Өрт шыққан уақытта үйде егде жастағы үй иесімен көрші пәтерде де жас отбасы болған. Әділет аға лейтенанты Толепберген Ғалибек пен әділет лейтенанты Бекдаутов Дархан өрт сөндіру қызметінің келгенін күтіп, артынша жұмыс орындарына оралады.


Өзгелердің жаңалығы