Бас жаңалықтар
Алжирдің экс-президенті қайтыс болды
18 Қыркүйек 2021, 14:42 177

Алжирдің экс-президенті қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алжирдің бұрынғы басшысы Абдельазиз Бутефлика қайтыс болды.

Саясаткердің қазасы туралы ақпаратты Алжирдың мемлекеттік TV1 телеарнасы хабарлады.


Абдельазиз Бутефлика 1999-2019 жылдар аралығында президент қызметін атқарды. 1999 жылы ол 74% дауыс жинап, мемлекет басшысы болып сайланды. Көптеген саясаттанушының айтуынша, Бутефликаның арқасында Алжир «қара онжылдықтан» шыға алды (бұл кезде Алжирда азаматтық соғыс болып жатқан еді)

Соңғы жылдары Бутефликаның денсаулығы сыр бере бастады. Ол мүгедектер арбасына таңылды. Алайда 2019 жылы ол бесінші рет президенттікке үміткер болатынын мәлімдеді. Дегенмен 2019 жылы 2 сәуірдегі жаппай наразылық салдарынан президенттік өкілеттігін тоқтатуға мәжбүр болды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...