Ғалымдар: Ашығу иммунитетті көтереді

8 Тамыз 2020, 04:32
1880
Бөлісу:
Ғалымдар: Ашығу иммунитетті көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар ашығу иммунитетті көтереді деген пікірде. Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымы Вальтер Лонго мен оның әріптестері ашығудың иммунитетті көтеруге оң әсер ететінін байқаған, деп жазды lifehacker.ru сайты.

Ғалымдар жарты жыл бойы тышқанды сынақтан өткізіп, 2-4 күн аралығында тамақ бермеген. Нәтижесінде олардың қан құрамындағы лейкоциттер көрсеткіші төмендеген. Ал рациондарын қайта қалпына келтіргенде ағзаның иммундық жүйесіне тікелей әсер ететін сол лейкоциттер жедел қалпына келіп қана қоймай, қан құрамындағы саны бұрынғыға қарағанда арта түскен.

Ғалымдар ашығудың пайдасын дәлелдеу үшін онкологиялық дерті бар науқастарға да сынама өткізіп көрген. Ашығу кезінде ағза май күйінде жиналған қоректендіруші заттардың қорын тауысып, лейкоциттердің біраз мөлшерін де тұтынатынын байқаған. Ескі иммундық клеткалардың осылайша жойылуынан кейін жаңа клеткалар пайда болып, олар белсенді түрде бөліне бастайды. Әрі олар бұрынғы клеткаларға қарағанда қуаттырақ екеніне көз жеткізген.

Бұл эксперимент кезінде ғалымдар ашыққан ағзаның құрамында қартаюға жауап беретін IGF-1 гормонының азайғандығын да байқаған.



Өзгелердің жаңалығы