Альварес пен Головкин үшінші рет жұдырықтасуы мүмкін

10 Сәуір 2019, 11:34
2006
Бөлісу:
Альварес пен Головкин үшінші рет жұдырықтасуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) беделді чемпиондық белбеу жеңіп алса, онымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

4 мамыр Лас-Вегаста "Канело" орта дивизиондағы IBF белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады. Альварестің сөзінше, жеңіске жеткен жағдайда оның басты мақсаты абсолют чемпион атануға жетпей тұрған WBO белбеуін жеңіп алу болады. 

"Бәрінің өз уақыты бар. Алда Джейкобспен ауыр жекпе-жек күтіп тұр. Бірақ команда ретінде бізде мақсат бар. Биылғы жылғы мақсатымыз - орта салмақтағы барлық белбеуді иелену. Головкинде белбеу болса, неге онымен жұдырықтаспасқа? Жыл соңына дейін белбеу жеңіп алса, онымен жекпе-жекке қуанышты боламын. Болмаса, онда жағдайдың қалай боларын көреміз. Жанкүйерлерге тамаша екі жекпе-жек сыйладық, үшіншісін неге сыйламасқа?" - деп келтірді Альварестің сөзін BoxingScene.com.
Өзгелердің жаңалығы