"Алтын тұлпарға" 40-қа жуық жүйрік тіркелді

12 Қазан 2019, 11:08
2392
Бөлісу:
"Алтын тұлпарға" 40-қа жуық жүйрік тіркелді
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Жайық жағасында жалауын көтерген «Дарабоз-2019» турнирмен қатар дәстүрлі "Алтын тұлпар" аламан бәйгесі өтеді.


Санаулы сағаттан соң Атырау қаласынан 23 шақырым жердегі Талдыкөл ауылының маңында 51 шақырымға созылатын аламан бәйге басталады. 
Осымен бесінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі бәйгеге елімізге танымал сәйгүліктер келді. 

Олардың қатарында Атыраудың Жезкиігі, Алматының Көкбастауы, Қызылорданың Қоянқасқасы, Жамбыл облысының кіші Самалы, Қарағандының Еркежирені, Түркістанның Наз қоңыры қатарлы 37 жүйрік бақ сынайды.

Сонымен қатар бүгін 7 шақырымға құнан бәйгесі, 25 шақырымға топ бәйге мен 7 шақырымға жорға жарысы өтеді. Бұдан бөлек "Дарабоз-2019" турнирінің көкпардан финалдық сайысы мен аударыспақтың бәсекесі өтеді.
Өзгелердің жаңалығы