«Altyn Samǵaý-2021». Дауыс беру мерзімі ұзартылды

24 Қараша 2021, 16:51
1138
Бөлісу:
«Altyn Samǵaý-2021». Дауыс беру мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті «Altyn Samǵaý-2021» спорттық жүлдесі аясында дауыс беру мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды. Дауыстарды қабылдау 6 желтоқсан күні сағат 13:00-ге дейін жалғасады.

Айта кетелік, бұған дейін байқауда дауыс беру екі аптаға созылған болатын. Биыл үміткерлердің өтініші есепке алынып, жанкүйерлерге сүйікті спортшысын анықтау үшін тағы да уақыт берілді. Осы аралықта Olympic.kz редакциясы үміткерлермен толығырақ таныстырады. Айта кетелік, «Altyn Samǵaý-2021» спорттық жүлдесіне дауыс беру 22 қарашада басталды. 

Дауыс беру Olympic.kz сайтының Ұлттық спорттық жүлде бөлімінде жүргізілуде. Дауыс берушілер алты аталым бойынша да өз үздігін анықтай алады. 

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар шешімімен «Үздік аймақ» аталымындағы жеңімпазды ұлттық федерациялар анықтайды. Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы үздік спорттық аймақтар осы аталым бойынша белгілі болмақ. 

«Үздік ұлттық федерация» Қазақстан ҰОК жанынан құрылған арнайы комиссия шешімімен анықталады. Ұлттық паралимпиадалық комитет жылдың үздік бапкері мен спортшысының есімін атайды. Сонымен қатар, Спорттық Жүлде аясында спорттық медицинадан, кешенді-ғылыми топ мүшелері арасынан үздік мамандар анықталып, арнайы Қазақстан ҰОК жүлдесі табысталады. 

Осы орайда, жыл үздігі атануға үміткерлер тізімін ұсынамыз: 

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы»

- Сәкен Бибосынов (бокс);

- Елдос Сметов (дзюдо);

- Игорь Сон (ауыр атлетика);

- Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика);

- Қамшыбек Коңқабаев (бокс);

- Нұрислам Санаев (еркін күрес);

- Дархан Асаділов (каратэ);

- София Берульцева (каратэ);

- Жәмиля Бақбергенова (әйелдер күресі);

- Теміртас Жүсіпов (бокс)

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы»

- Юлия Галышева (фристайл-могул);

- Жанбота Алдабергенова (фристайл-акробатика);

- Павел Колмаков (фристайл-могул);

- Надежда Морозова (конькимен жүгіру);

- Әділ Ғалиахметов (шорт-трек);

- Денис Никиша (шорт-трек).

«Жазғы спорт түрлері бойынша жылдың үздік жаттықтырушысы»

- Ғалымжан Жылгелдиев (дзюдо);

- Мырзағали Айтжанов (бокс);

- Александр Ким (көркем гимнастика);

- Григорий Ким (садақ ату);

- Асқар Молдағали (каратэ).

«Қысқы спорт түрлері бойынша жылдың үздік жаттықтырушысы»

- Елена Круглыхина (фристайл-могул);

- Мәдіғали Қарсыбеков (шорт-трек);

- Дмитрий Бабенко (конькимен жүгіру).

«Жыл жаңалығы»

- Анастасия Городко (фристайл-могул);

- Милад Карими (спорттық гимнастика);

- Елена Рыбакина (теннис);

- Нилуфар Райымова (әйелдер күресі);

- Әмір Зәкіров (брейк-данс);

- Махмұд Сабырхан (бокс);

- Нұрқанат Әжіқанов (каратэ).

 «Жылдың үздік командасы»

- Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы;

- «Алтай» волейбол клубы;

- Футзалдан Қазақстан құрамасы.

Өзгелердің жаңалығы