«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

25 Шілде 2021, 15:02
3236
Бөлісу:
«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?
PHOTO
Фото: автордан

Алматы облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысында «Алтын орда» базары мен Шамалған стансасының маңайында айналма көпірлер салынып жатыр. Ол көпірлер қаладағы көлік жүктемесі мен кептелісті азайта түседі. Бүгінде жобалар бойынша құрылыстың қай кезеңі орындалып жатқанына өзіміз барып куә болдық.

«ҚазАвтоЖол» АҚ Алматы облыстық филиалы басшысының міндетін атқарушы Болатбек Айтбаев «Орталық-Оңтүңстік» дәлізі бойынша облыста салынып жатқан автожолдар туралы айтып өтті.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

«Ұзынағаш-Отар» бағыты бойынша 63 101 шақырым автожол бар. Автожолды қайта жөндеу жұмыстарын бас мердігер «Қазавтоқұрылыс» ЖШС жүргізіп жатыр. Жөнделіп жатқан жолдың жалпы ұзындығы 37,7 шақырым. Бүгінгі таңда барлық жұмыстың 80 пайызы орындалды. Жол жабындысы бойынша бір бағыттағы қозғалысты жақын арада ашу жоспарланып отыр. Жалпы жоба жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр. Жыл соңына дейін оны пайдалануға беру көзделіп отыр, - деді ол.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

Болатбек Айтбаев Шамалған стансасының маңындағы айналма жолдың салыну процесі туралы айтты.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

 Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың қыркүйегінде Шамалған стансасындағы автокөлік пен теміржолдың түйіскен тұсында «Алматы – Қостанай» бағытында келе жатқан жүрдек пойыз бен Алматы мен Қаскелең арасында жолаушы тасымалдайтын автобус соқтығысады. Жол апатынан автобус жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, 9 адам жарақат алады.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

Осы оқиғадан кейін Шамалған станциясы маңайында айналма жол салу шешімі қабылданды. Құрылыс нысанының ұзындығы 6 шақырымды құрайды. Бұл құрылыстың негізгі нысаны теміржол арқылы өтетін ұзындығы 350 метрді құрайтын үлкен көпір болып есептеледі. Бүгінгі таңда бетон салу бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. 54 мың текше метр бетонның 46 мың текше метрі аяқталды. Бұл нысанның ерекшелігі - «келлер» технологиясының пайдалануы. Құрылыста кейбір қиындықтар бар. Алайда біз жоспар бойынша аяқтауға тырысамыз, - деді ол.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

«ҚазАвтоЖол» АҚ Алматы облыстық филиалы басшысының міндетін атқарушы атағандай, осыған дейін шамалғандықтар теміржолдағы қозғалысқа қатысты көлік жүретін жолда кептеліс көп болатынын айтқан.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

Бұл көпір салынғаннан кейін кептеліс болмайды. Ол пайдалануға берілген соң теміржол арқылы өтетін жол жабылады. Тек көпір арқылы қозғалыс басталады. Бұл жол халықаралық дәліздің құрамына енеді. Биылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Қазір бұл жерден тәулігіне 50 мыңнан астам көлік жүреді. Құрылыс нысанында 250-ден астам қызметкер мен 128 техника бірлігі жұмыс істеп жатыр, - деді ол.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

Болатбек Айтбаевтың айтуынша, «Алтын орда» базарының жанындағы айналма көпір құрылысы толық жүктемеде жүріп жатыр.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

Қазір бетон қабылдаудың екінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Жақында кері кету учаскесі ашылды. Бұл тағы бір эстакада болып есептеледі. Ол бойынша қозғалыс басталды. Ол «Алтын орда» базары маңайындағы қозғалыс жүктемесін жеңілдетті. «Алтын орда» мен ірі бизнес орталықтары салынғандықтан, бұл аудандарда адам қарасы көп жиналады. Біздің жоба аясында жол 8-ден 10 жолаққа дейін кеңейеді. Жолақтар бір-біріне тәуелді болмайды. Қаладан шығатын көліктерге жеке жолақ салынады. Қазір жолақтар әлі бөлінбеген, - деді ол.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

Оның айтуынша, қазір барлық күш ұзындығы 600 метрді құрайтын екі көпірдің құрылысына жұмылдырылып жатыр.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

Қазір мердігер ұйым да қосымша күш қосып жатыр. Қызметкерлер мен техниканың санын көбейтіп жатыр. Сол құрылысты қамтамасыз ету үшін шамалған станциясында асфальт-бетон зауыты салынып жатыр. Ол зауыт іске қосылған соң жол құрылыс жұмыстары басталады, - деді ол.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

«Алтын Орда» базарының айналма жолы құрылысының жоба жетекшісі Смет Абилов құрылыс жұмыстары биылғы мамырда басталғанын айтты.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

Жоба ерекше болып саналады. Себебі екі көпір салынады. Әрбір көпір екі бағыттағы 4 жолақты қозғалысты қамтамасыз етеді. Қазір монолиттік құрылысты бетондау жүзеге асырылып жатыр. Жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр. Биылға арналған өндірістік кесте әзірленді. Нысанды жыл соңына дейін аяқтауға бар күшімізді салып жатырмыз. Жалпы автомобиль жолының ұзындығы 3800 шақырымды құрайды, - деді ол.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

Оның айтуынша, бұл Алматыға батыс жағынан кіретін негізгі кірме жол болып есептеледі.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

Жобалық-сметалық құжатнама бойынша жобаның құны - 11 млрд 500 млн теңге. Бүгінгі күнге дейін 7 млрд теңге игерілді. Қалған 4 млрд теңге жоба соңына дейін жұмсалады. Бұл құрылыс жұмыстарына жетеді деп жоспарлап отырмыз. Алайда қазір құрылыс материалдарының бағасы шарықтап кетті. Біз бөлінген қаржы көлемінде жұмыс ітеп жатырмыз, - деді ол.

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

«Алтын орда» мен Шамалған стансасы жанындағы айналма көпірлер қашан дайын болады?

Айта кетейік, құрылыс нысандарындағы қызметкерлер жыл соңында нысанды тапсыру үшін күннің ыстығына қарамастан аянбай еңбек етіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы