Алтын Орда қазақтардың мәдени кодының маңызды құрамдас бөлігі – Тоқаев

4 Қазан 2019, 00:01
5876
Бөлісу:
Алтын Орда қазақтардың мәдени кодының маңызды құрамдас бөлігі – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сочидегі "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуразия кеңістігі мен тариxында алатын орны туралы айта келе, Алтын Орда қазақтардың мәдени кодының маңызды құрамдас бөлігі деп мәлімдеді.

Бұл туралы мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин Telegram-дағы каналында жазды. 

"Қазақстанға тоқталатын болсақ, бұл мемлекет болмысы мен географиясы бойынша еуразиялық болып табылады. Әрине, мемлекеттің басым бөлігі Азияда орналасқан. Алайда Қазақстанның жер көлемінің 4 пайызы еуропалық бөлікте орналасқанын ұмытпаған жөн. Бұл шамамен 120 мың шаршы метр. Біз ислам, конфуций және христиан өркениетінің қиылысында орналасқанбыз. Ұлы Жібек жолы, Алтын Орда, Еуразия қазақтардың мәдени кодының маңызды құрамдас бөлігі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездескенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы