Алты өңірде ҚАЖД басшылары ауысты

14 Ақпан 2020, 11:29
1250
Бөлісу:
Алты өңірде ҚАЖД басшылары ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі мен ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары тағайындалды.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, алты облыста басшылар ауысты: 

Ақтөбе облысы бойынша – әділет полковнигі Шамишев Алмас Әбжанұлы; 

Алматы облысы бойынша-әділет полковнигі Әбдікәрімов Серік Жақсылықұлы;  

Алматы қаласы бойынша-әділет полковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы; 

Батыс Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Ізтілеуов Азамат Әбдіғалиұлы; 

Қарағанды облысы бойынша-әділет полковнигі Тәкешев Ғазиз Әбікенұлы;  

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Ахметжанов Рустан Серікұлы.

Тағайындалған басшылар бұрын облыстардағы ҚАЖД басшы лауазымдарын атқарған, пенитенциарлық жүйеде көпжылдық тәжірибесі бар екендігін атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы