Алтайда 40 жыл жөндеу көрмеген нысандар жаңартылуда – ШҚО

14 Тамыз 2020, 01:35
1607
Бөлісу:
Алтайда 40 жыл жөндеу көрмеген нысандар жаңартылуда – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Алтай ауданында нысандар жаңартылуда. Бұл туралы аудан әкімі Қалиқан Байғонысов мәлімдеді.

Алтайдағы әлеуметтік маңызы бар нысандар 30-40 жыл жөндеу көрмеген. 

Ауданымызда әлеуметтік маңызды объектілерді жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазір жаяу жолдарды қалпына келтіру, көпқабатты үйлер ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйым қазір Алтай қаласы Космонавтов көшесіндегі аулаларға жөндеу жүргізуде. Жақында көпқабатты үйлердің аулаларына асфальт төселіп, жаңа алаңдар мен көлік тұрақтары салынады. Аудан бойынша ағымдағы жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша 47 жоба іске асырылады, - дейді аудан әкімі Қалиқан Байғонысов.

Бұған дейін кешкі уақытта аулада серуендемек түгілі, жай отырудың өзі қиын еді. Бүгінде бірқатар аумақ шөп-шаламнан толықтай тазартылуда. Ал тұрғындар болса, аулаларының жаңа көркіне дән риза. 



Өзгелердің жаңалығы