Алтай Көлгінов ұсынған алты бағыт

5 Қараша 2020, 21:45
1765
Бөлісу:
Алтай Көлгінов ұсынған алты бағыт

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт инфрақұрылымдарын дамытудың нәтижесінде қала тұрғындары спорт пен салауатты өмір сүруге бейімделеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгініп айтты.

Кейінгі кезде түрлі індеттің пайда болуы ерте жастан бастап денсаулыққа және иммунитетті нығайтудың аса маңызды екенін көрсетті. Президенттің тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, жастар мен мен кәсіби спортшыларды қолдау мен одан әрі ынталандыру үшін жүйелі шаралар қабылданды. Оның ішінде паралимпиадалық спорт түрлеріне қолдау көрсету назардан тыс қалған жоқ. Бүгін қаладағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің директорларымен өзекті мәселелерді талқыладық - деді әкім.

Сонымен қатар ол бұқаралық спортты дамытудың алты бағытын атап көрсетті.

Бірінші. Жаңа оқу жылының басынан бастап, жоғары білім алуға әкімдік гранттарын бөлуді тапсырдым (спорт бағыты бойынша). Бұл оқушыларды ынталандырып қана қоймай, олардың осы бағытта кәсіби білім алуына мүмкіндік береді.

Екінші. Спорттағы әрбір жетістік жылдар бойғы дайындық жұмыстары мен үлкен ерік-жігердің арқасында келеді. Студенттердің денсаулығын арнайы мамандар, дәрігерлер жіті бақылап, уақтылы көмектесуі керек. Штатқа спорт дәрігерлерін оқытатын мамандандырылған мектептерді енгізу мәселесін зерттейміз.

Үшінші. Спорт мектептеріне спорт мекемелері мен кешендерінде сабақтар өткізуге, арнайы жаттығу киімін сатып алуға, жарыстар мен жаттығулар кезінде студенттерді тасымалдауға және т.б. мәселелер бойынша қолдау көрсетуді жалғастырамыз.

Төртінші. Осы жылдың қазан айынан бастап ай сайынғы материалдық мазмұнның мөлшері ұлғайтылды. Соңғы 10 жыл өзгеріссіз қалған екен. ҚР құрама командаларының құрамына кіретін және құрама сапында өнер көрсететін спортшыларға, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына төленетін еңбекақы көлемін ұлғайту аса маңызды. Спортпен айналысуы үшін қосымша ынталандыру. Егер бұрын ұлттық құрамаға кірген 84 спортшы ғана ай сайынғы төлемді алса, енді олардың саны екі еседен астам өсті.

Бесінші. Биыл бірқатар спорт мекемелері жөнделді. Үш елді-мекенде ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Келесі жылы тағы біреуінің құрылысы басталмақ. Онда тұрғындар түрлі спорт түрлерімен тегін айналысып, бос уақыттарын өткізе алады. 7 мың орындық жабық жеңіл атлетика кешенінің құрылысы аяқталды. Бұл елімізде жеңіл атлетиканың дамуына септігін тигізеді деп сенеміз. Таза ауада спортпен шұғылдану және серуендеу үшін биыл 760 мың шаршы метр абаттандырылды. Осы бағыттағы жұмыстар келесі жылы да жалғасады. Біз аудандарды орталықтандыру қағидаты бойынша дамытып жатырмыз.

Алтыншы. Тұрғын үй мәселесі. Биыл жылы Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесе әлеуметтік пәтерлерді алушылар санатын кеңейттік. Олардың қатарына спорт қайраткерлері де кірді.

Өзгелердің жаңалығы