Бас жаңалықтар
Алтай Көлгінов «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады
18 Маусым 2019, 21:01 333

Алтай Көлгінов «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі.Бүгін елордағы Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады. 

"Шын жүректен барлық мектеп бітіруші түлектерді құттықтаймын. Бұл өмірдің аса маңызды кезеңдерінің бірі. Қаламыздың 6274 түлегі жаңа өмірге жолдама алып отыр. Оның ішінде міне, 294-і менің қолымнан «Алтын белгі» төсбелгісін алады. Енді, алдығы жоғары мақсаттарға қоятын кез келді. Сіздер бұған дайын деп ойлаймын. Өйткені, алтын ұя мектептеріңіз жақсы білім бергеніне сенімдімін. Адамзаттың ұлы ойшылы Әбу-Насыр Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деген. Ендеше, білім мен қатар тәрбиелі азаматтар болып өсті деп ойлаймын", - деді қала әкімі.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 6274 оқушы мектеп бітірген. 

Оның ішінде 294  түлек қала әкімі Көлгіновтің қолынан «Алтын белгі» төсбелгісін алды. Жалпы, биылғы оқу жылында ел астанасында 324 «Алтын белгі» иегері мен 352 оқу озаттары алтын ұя мектептерімен қоштасып отыр. 

Ең көп түлек  №54 мектепте тiркеліп отыр – 151 түлек. 

Енді түлектер 20-27 маусым аралығында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады.  Нұр-Сұлтан қаласының түлектері үш университетте тапсырады. Жалпы, қала бойынша 5856 түлек тестілеуден өтеді.



Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Сізден жаңалық