Альпинизм федерациясы тауда іздестіріліп жатқандарды табу мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді

21 Тамыз 2019, 11:04
3767
Бөлісу:
Альпинизм федерациясы тауда іздестіріліп жатқандарды табу мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 тамызда соңғы рет ұшып іздестіру шарасы жүргізіледі, содан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталады. Бұл туралы Алматы альпинизм федерациясы хабарлады.

Федерацияда Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті тірідей табу мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді.

"Біз Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті табу мүмкіндігінің болмағанына өкінеміз. Соған қарамастан, қазақстандық тарап ертең тағы бір бақылау жасап, ұшып өтед. Содан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталады. Альпинистер Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаева пен Андрей Корнеевтің туыстары мен достарына көңіл айтамыз. Бұл қазақстандық альпинизм үшін ауыр қаза", - деп жазды федерация Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін Іле Алатауында із-түзсіз жоғалып кеткен бір топ альпинист іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Қырғыз елінде жоғалған альпинистерді іздеу жұмысына ҚР Қорғаныс министрлігі де атсалысты. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қырғызстан тауларында қиын жағдайға тап болған Қазақстан альпинистеріне қатысты мәлімдеме жасады.





Өзгелердің жаңалығы