Альпинистерді жаяу іздеу де тиімсіз – Қорғаныс министрлігі

22 Тамыз 2019, 15:38
1895
Бөлісу:
Альпинистерді жаяу іздеу де тиімсіз – Қорғаныс министрлігі
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әскерилер Тянь-Шань тауының Жеңіс шыңында із-түссіз жоғалып кеткен альпинистерді іздеп, 14 рет ұшып өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іздеу жұмыстары 5100 метрден 6000 метрге дейінгі биіктікте жүргізілді. Тау бөктеріне 70 метрге дейін барынша жақындады.

"Іздестіру-құтқару жұмыстары қызметінің жетекшісі Василий Пивцовтың айтуынша, көзбен шолу, сонымен қатар жылуды анықтайтын құралдың көмегімен тексеру ешбір нәтиже бермеді. Қазіргі уақытта жоғалып кеткен альпинистердің тірі екендігін білдіретін не бір белгі, не олардың денелері табылған жоқ", - деп хабарлады министрлікте.

Қорғаныс министрлігінің мәлңметінше, сондай-ақ ол жаяу жүріп іздеушілердің әрекеті де тиімсіз екенін айтты, өйткені аталған аймақта қар көшкіні қаупі бар. Бұл іздеу жұмыстарымен айналысатын адамдар үшін үлкен қауіп-қатер туындатады.


Бұған дейін Альпинизм федерациясы тауда іздестіріліп жатқандарды табу мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді

Өзгелердің жаңалығы